Сарыағаш ауданында «Жер-2024» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу өтті. Онда жер сілкінісі кезінде адамдарды эвакуациялау, тасымалдау, тізімге алу және жарақат алғандарға алғашқы медециналық жәрдем беру пысықталды. Сондай ақ шатырларға тұрғындарды орналастыру жолдары көрсетілді. Алдын ала әзірленген сценарий бойынша ең алдымен аудан аумағында құлақтандыру жүйесі қосылып, ауданның білім бөлімі мекемелерінде сейсмо жаттығулар өткізілді. Сондай-ақ көп қабатты үйден эвакуациялау және зардап шеккендерді құтқару жұмыстары жүргізілді. Оқу жаттығуға түрлі техникалар мен 192 адам жұмылдырылды.