«Тәуелсіз Қазақстанның туы достық орнатқан көптеген мемлекетте желбіреп тұр». Түркі баласының түбі Түркістанда ту көтеру рәсіміне қатысқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды осылай деді. Рәміздер алаңында өткен салтанатты шарада аймақ басшысы рәміздер күнімен құттықтап, олар егемендік пен елдіктің ең басты белгісі екенін атап өтті.