Балаларды байлап ұстап, ит-мысықтың етін берген. Шымкентте алты баланы қамқорлығына алып, оларды қинады деп күдікке ілінген емшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Мамандардың сөзінше ол балаларды жұмысқа жегіп, жуындырмай, аяқ-қолын байлап ұстаған. Емшінің қатыгез әрекеті ұзақ уақыт бойы қалайша ашылмағаны, балаларды қандай негізде асырап алғаны әзірге белгісіз.