Түркістан облысында жеке тұрғын үй құрылысына жер алуға 136 мың азамат кезекте тұр. Бұл туралы жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерғали Тілеген мәлімдеді.
Оның айтуынша, Түркістан қаласында кезекте тұрған азаматтардың саны – 30 353 болса, Сайрам ауданында – 19 906, Сарыағаш ауданында –17 878 адам үй құрылысына жер алуға ниетті. Қалған 57 мың өтініш аудан, қала әкімдіктерінің үлесінде.