Түркістан
EN

Петропавл қаласында тасқыннан зардап шеккендерге 700 үй салынып жатыр

116
03.06.2024

Петропавл қаласында тасқыннан зардап шеккендерге 700 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Тұрғын үйлерден бөлек жаңа балабақшаның да құрылысы басталып кеткен. Сәтін салып, уақытылы аяқталса қыркүйекте 90 бала жаңа балабақшаға барады. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында тасқын салдарынан 4 мыңға жуық баспана мен 6 мыңнан астам саяжай су астында қалған болатын. Бүгінде баспанасыз қалған 30-дан астам отбасыға пәтер берілді. Жаңа үйлердің құрылысына "Қазақстан халқына" қоры мен еліміздегі ірі компаниялар қаражат бөлген.