Бір күнде 100 отбасы баспаналы болды. Қоныс тойын тойлап жатқан жұртшылық Түркістан облысы, Шардара ауданының тұрғындары. Үй кезегінде 10 жылдап тұрған халыққа жергілікті әкімдік баспана кілтін табыстады. Олардың қуанышына әріптесім Балым Әлішер де куә болып қайтқан еді. Өзі айтып берсін.