Биыл Түркістан облысында 32 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді. Оның 1727-сі Алтын белгіге, 2466-сы Үздік атестатқа үміткер. Соның 1451-і Сауран ауданының түлегі. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров өңірдің мерейін үстем еткен Үздік оқушылармен қатар, Республикалық олимпиада жеңімпаздарымен жүздесті. Аудан әкімі оқушыларға алдағы тестілеуден сүрінбей өтіп, мақсаттарына жетулеріне тілек білдірді. Сондай-ақ, олимпиада жеңімпаздардын марапаттап, сыйлық табыстады. Жиынға аудан ақсақалдары да қатысып, жастарға ақжол тілеп, батасын берді.