Мұрағаттарды цифрландыруға бөлінген 105 млн теңге қолды болды. Қылмысты мәдениет және спорт министрлігі мұрағат істері және құжаттама комитеті төрағасының орынбасары мен IT-компания директоры бірігіп жасаған. Олар ұрланған қаражатқа қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алыпты. Енді ол алдағы 6,5 жылын темір тордың арғы жағында өткізеді. Және мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына және мемлекеттік наградалардан айырылды.