Орыс шовинистері «киргиз» деп кемсіткен қазақтың қазақ деген атауын қайтарған алаштың қай зиялысы екенін білесіз бе? Ол - қызылдардың көсемі Лениннің өзімен бетпе-бет жүздесіп, бірме-бір айтысып жүріп, ұлтының ұлтарақтай жерін де жатқа бермей, шекарасын шегендеп берген мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожанов болатын. Биыл 130 жылдық мерейтойы тойланып жатқан мемлекет қайраткерінің құнды қолжазбасы табылды. Және де ол бүгін бірінші рет біздің арнадағы «Тұлға» атты қайраткердің өмір жойлы жайлы көркем-деректі фильмде көрерменге ұсынылды.