Түркістандағы әкімшілік -іскерлік орталығында бой көтерген жаңа үйлердегі жылу мәселесі шешілетін болды. Олқылықтың алдын алу үшін облыс әкімі жиын өткізді. Аталмыш шағынауданда 7 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы 2 жыл бұрын басталып, биыл қабылдаудан өтті.
Алайда аяқталған үйлерді газға қосу барысында «ҚазТрансГазАймақ» тарапынан газды қосуға келісім берілмеді. Себебі газ пештерінің түтін шығару жүйесі күйдірілген кірпіштен қаланған екен. Ол тұрғындарға қауіп тудыруы мүмкін дейді мамандар. Тұрғындар тұрып жатқан 5 үйде газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Өмірзақ Шөкеев жұмысты ширатуды тапсырды.