Монтайтастық оқушылар ұлттық аспапты үйренуге ынта білдіре бастаған. Бүгінде 30 ға жуық бала ән мен күй үйреніп жүр. Үйірме жетекшісі Гүмира Шөпшекбаева домбыра аспабы арқылы оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін оятты. Соның арқасында шәкірттері облыс көлемінде жарыстарға қатысып, бірнеше рет жүлдені қанжығаға байлаған.