Түркістан
EN

«Қызылжардың шерлі тарихы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

343
31.05.2024

Солтүстік Қазақстанда қуғын-сүргін құрбанының ұлы әкесінің жерленген жерін әлі күнге таба алмай жүр. Петропавл қаласының тұрғыны Болат Мағазұлы әкесі Мағаз Сағындықовтың «Халық жауы» ретінде атылып кеткенін біледі. Репрессия мен ашаршылықтың зардабы мен құрбандары әлі күнге дейін ғылыми тұрғыдан толық зерттелген жоқ. Бұл туралы Петропавлда өткен «Қызылжардың шерлі тарихы» атты ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Ауқымды шараға қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары да қатысты.