Түркістан
EN

Түркістан жұрты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, рухына тағзым етті

332
31.05.2024

Түркістан жұрты да бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, рухына тағзым етті. Алаш идеясын жалғастырушы Сұлтанбек Қожанов ескерткішінің алдына қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаттары, зиялы қауым мен дін өкілдері, сондай-ақ жастар жиылып, бүгінгі күннің мән-маңызы жайлы айтты.