Түркістан
EN

109 әлеуметтік жоба іске асады

107
31.05.2024

Түркістан облысында 800-ге жуық үкіметтік емес ұйым бар. Бірақ оның тең жартысы ғана белсенді екен. Биыл бюджеттен 109 мемлекттік әлеуметтік тапсырысты орындауға 1 млрд теңге бөлінген. Бұл дегеніміз аталған ұйымдардың халықтың әлеуметтік-мәдени, экономикалық дамуын зор ықпал етеді деген сөз. Бүгін Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Серікұлының төрағалығымен облыстың аудан, қалаларындағы үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдық даму деңгейін көтеру жайы талқыланған жиын өтті. Айта кетейік, үкіметтік емес ұйымдар үкіметтен тәуелсіз жұмыс істейтін, әдетте қоғамдағы маңызды мәселерді алға шығарып, оларды шешуге ұмтылған еріктілер тобы.