Түркістан
EN

Ескекшілер ерлеп тұр

200
30.05.2024

Осы жылдың басты спорттық додасы Парижде өтетін Олимпиада ойындары. Байрақты бәсекеге күллі әлем көз тігеді. Жахандық деңгейдегі жарыста Қазақстан Ұлттық құрамасы да бірнеше спорт түрінен бақ сынайды. Олимпиадаға жолдама алған спортшылардың арасында Түркістан облысының да тумалары бар. Олар қазір маңызды бәсекенің алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.