Түркістан
EN

30 мыңнан астам ата-ана балаларға екпе салдыруға келіскен

200
12.11.2021

Қазақстанға «Pfizer» вакцинасы жеткізілді. Коронавирусқа қарсы екпенің 379 мың дозасы тиелген ұшақ Алматы халықаралық әуежайына қонды. Вакцина келмей тұрып, -90 градус температурада сақтауға болатын тоңазытқыштар дайындалған.

Екпенің 46 мың дозасы Алматыда қалса, қалғаны басқа өңірлерге таратылады. Вакциналау бірінші кезеңде медициналық мекемелерде, содан кейін мектептер мен жоғары оқу орындарында өтеді. Алматыда 12-17 жас аралығындағы 170 мың оқушы бар.  Ал 30 мыңнан астам ата-ана балаларына бұл екпені салдыруға келісім берген.