Түркістан
EN

«Al-Farabi» республикалық интеллектуалды ойынының жеңімпаздары анықталды

179
30.05.2024

Түркістан облысында жыл сайын өтетін «Әл-Фараби» интелектуалды ойынының жеңімпаздары анықталды. Екі күнге созылған бәйгеге жергілікті тұрғындардан бөлек,  Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл,  Павлодар және Қызылорда облыстарынан да командалар қатысты. Бас бәйгені Түркістан облысы, Сайрам ауданынан келген Эрудит командасы алды. I орын алған командаға бір миллион теңге, II орынға 500 000, III орын иегерлеріне 300 000 теңге қаржылай сыйлық табысталды. Оларға алғыс хатты Түркістан облысы әкімінің орынбасары мен  Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төраға орынбасары табыстады.