Түркістан
EN

Инвесторларға өндіріс орындарын ашуға қолдау көрсетіліп жатыр

80
30.05.2024

Үлкен-кішісіне қарамай, барлық жоба назардан тыс қалмауы тиіс! Түркістан өңірлік инвестициялық штабтың кезекті мәжілісінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды осылай деді. Аймақ басшысы инвесторларға өндіріс орындарын ашуға, жобаларын сүйемелдеуге әкімдік әзір екенін жеткізді. Жиында 20-ға жуық жобаның жай-күйі сараланып, инвесторлардың ұсыныс-тілектері тыңдалды. Сондай-ақ, Созақ ауданында уранды қайта өңдеу кешенінің құрылыс барысы да талқыланды. Дархан Сатыбалды жиында айтылған мәселелерді хаттамаға енгізіп, тез арада шешуді тапсырды.