Түркістан
EN

Таразда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

273
12.11.2021

Таразда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жамбыл облысында болған қайғылы оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбада бағдаршамның жасыл түсі жанғанда әйел адамның жолдан өтпек болғаны көрінеді. Бірақ қатты жылдамдықпен келген қоғамдық көлік оны соғып, бірнеше метрге жерге сүйреп кеткен.

Ал автобус тоқтаған кезде денесі дөңгелектің астында қалды. Қайтыс болған 58 жастағы әйел адам екендігі анықталды. Қоғамдық көлік тізгінінде 22 жастағы жігіт болған. Қазір аталған дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, кінәлі адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.