Сарыағаштық қолөнер шебері Мұқтар Оразов отандық аяқ киім өндірісіне үлес қосып отыр. Көкпарға арналған етіктерді тек таза былғарыдан тігеді. Заманға сай, ою-өрнекті де орнымен пайдаланады. Қазіргі кезде өзінің ескі тігін машинасымен жұмыс жасауда. Арнайы қалыптары да бар. Елдің етігін жамап-жасқап, жаңалап та береді.