Түркістан
EN

«Мемлекеттік статистика туралы» заңға өзгерістер енгізілді

145
29.05.2024

«Мемлекеттік статистика туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Енді респонденттер уақытылы есеп бермесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оған қоса статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда 1 жұмыс күні ішінде түзету енгізуі қажет. Енді бұрынғыдай ұзақ уақыт өзгертпейді.  Бұл туралы ұлттық статистика бюросының ұйымдастыруымен өткен Ұлы дала елі орталығында өткен семинарда   айтылды.  Жиында  қажетті мәліметтерде қате анықталса, алғашында респондентке ескерту берілетін, ал мүлдем ұсынбағаны үшін айыппұл салынатыны ескертілді.