Түркістан
EN

Коммуналдық қызметтердің бағасы заңсыз көтерілген

132
29.05.2024

Сарыағаштық тұрғындар коммуналдық қызметке негізсіз 38 миллион теңге төлеп келген. Бұл заңсыздықты аудандық прокуратура анықтаған. Талдау барысында сарқынды суларды қабылдау үшін 51 кәсіпкердің артық төлем алғаны анықталды. Сондай ақ, 2022-2023 жылдары 14 ауылдың тұрғындары 8 миллион 708 мың 289 теңге қаражатты негізсіз, артық төлеген. Осылайша, кәсіпорын 24, 076 тұтынушының құқығын бұзған. Аталған оқиғаға қатысты жауаптылар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілкке тартылып, 4 миллион 700 мың млн теңге айыппұл салынды. Ал, 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.