Түркістан облысындағы «Бөген» су қоймасы апатты жағдайда тұр! Бұл су нысанына 57 жылдан бері күрделі жөндеу жасалмаған! Салдарынан оның бөгеті мен жағалауы әбден тозып, көктем кезінде қауіп төндіреді. Бүгін Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Қайрат Балабиев осылай деп дабыл қақты. Стратегиялық нысанның жағдайына алаңдаған халық қалаулысы тіпті су тораптарын басқарып отырған басшылардың өзі су мамандары емес екенін айтты. Сондықтан қауіпті жағдайда тұрған «Бөген» су қоймасының бөгеті мен жағалауына шұғыл түрде қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуді сұрады.