Ат баптау сараңдардың спорты емес. Сарыағаш ауданының тұрғыны Нұрмахан Наурызбаев осылай дейді. Ол біраз жылдан бері төрт түліктің төресі саналатын пырақты жанына серік етіп келеді. Аттарды 5-6 жастан кейін ғана додаға қосады. Қыста әбден бабын келтіріп, көктем шыға бәйгеге дайындайды. Содан болса керек, сәйгүліктері әр қиырдан жиналған жүйріктерді шаң қаптырып жүр. Жүлдесіз қайтқан кезі аз. Биылдың өзінде екі темір тұлпарды тақымдап үлгеріпті. «Ат баптаудың әртүрлі әдісі бар» - дейді ол.