Түркістан
EN

Сенаторлар несиені кейінге шегеруді ұсынды

177
12.11.2021

Сенаторлар кредитті кейінге шегеруді ұсынды. Бұл бастама соңғы мүлкі банкте кепілде тұрған азаматтарға қатысты. Мәселені депутаттар осыған дейін бірнеше мәрте көтерген. Алайда, 5 адам қаза болған Алматыдағы атыс түйткілді қайта қозғауға түрткі болыпты.

Халық қалаулысы Ләззат Сүлейменнің айтуынша, 2016 жылдан бері аукцион арқылы 1406 мүлік сатылған. 195 борышкерді үйінен шығарып жіберген. 74 процентінде бұл жалғыз баспана болған. Бас прокуратура тексерісінің нәтижесінде мүліктің 78 пайызын банктер сатып алады екен. Оларға ешкім бәсекелес болмаған. Кепілге салынған мүліктің бағасы орташа 30 процентке арзан саудаланды екен.