«Түркістан» халықаралық әуежайында өртке қарсы оқу-жаттығуы өтті. Оның барысында 80 шаршы метрді шарпитын өрт сөндіріліп, 120-ға жуық келуші мен қызметкер эвакуацияланып, екі адам құтқарылды. Алайда өрт сөндірушілердің сылбыр әрекеті көңіл көншітпейді. Мұны жауаптылардың өзі мойындап отыр. Сондықтан мұндай оқу-жаттығуларды жиірек өткізіп, құтқарушылардың дайындығын пысықтап, кем-кетістіктерді түзетіп отыру керек дейді.