Түркістан
EN

Түркістан облысында әкімдікке қарасты мекемеде ақша жымқырылған

132
28.05.2024

Жұмыспен қамтимыз деп бюджеттен 31 млн теңге жымқырған! Бұл  - Түркістан облысының жұмыспен қамту орталығының мамандарына қатысты жағдай. Түркістан облыстық прокуратурасы жұмыспен қамтудың «Қоғамдық жұмыс» мемлекеттік бағдарламасына іс жүзінде қатыспаған 122 адамға жалақыны заңсыз аудару арқылы 31 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады. Сондай-ақ, «Жастар практикасы» мен «Ақылы қоғамдық жұмыс» бағдарламаларының 4 мыңнан астам қатысушысына өткен жылға міндетті медициналық сақтандыру бойынша 11 миллион алты жүз мың теңгеге төлем жүргізілмегенін де дәлелдеп отыр. Бұдан бөлек, «Қысқа мерзімді оқыту» бағдарламасы шеңберінде оқудан өткен 50 адам іс жүзінде тұрақты жұмысқа тұрмаған.