Бүгін түбіміз бір - әзербайжан халқы тәуелсіздік мерекесін тойлап жатыр! Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бауырлас әзербайжан халқына бейбітшілік, бақ-береке, көшбасшыларына табыс тілеп, құттықтау жеделхатын жолдады.