Түркістан
EN

Астанада балабақшалар 30 млн теңгеден астам қаражат үнемдеген

54
28.05.2024

Елорда балабақшалары 30 млн теңгені үнемдепті. Қалай десеңіз - жолы қарапайым: балалардың тамағына қажетті азық-түлікті ешбір делдалсыз сатып алған. Бар болғаны сол! Дегенмен, баланың тамағынан тек пайда көруді көсейтін саудагерлер тыйылмай тұр. Қаржылық мониторинг агенттігі әлеуметтік маңызы бар, яғни ең қажетті деген тағамдардың бағасын оңды-солды қымбат сатқан біраз саудегерді анықтап, май-шелпекке әбден үйреніп алған  компанияларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.