«Мейірім шуағы». Бүгін Түркістанда осындай атаумен мүмкіндігі шексіз қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Шараға аймақтың түкпір-түкпірінен 70-ке жуық талантты, дарынды жас жиылып, көпшілікке өз туындыларын көрсетті. Олардың арасынан ерекше көзге түскендері аукционға қойылып, жиналған қаржы дертіне шипа іздеген жандардың еміне жұмсалмақ.