Енді кеншілер мен металлургтер зейнетке ерте шығуы мүмкін. Мәжілісте "Ақ жол" фракциясы Абай шахтасындағы апаттан кейін мамандардың зейнетке шығу жасын төмендетуді талап етті. Аса қауіпті кәсіп иелері бұрын 1-ші және 2-ші тізім бойынша зейнетке ерте шығатын.
Ал, қазір зейнет жасына жетпей жатып апатқа ұшырап немесе еңбекке жарамсыз болып қалуда. Басын қауіпке тіккен жандар елуге дейін өмір сүрмесе, уәде етілген жоғары төлемдердің қажеті қанша? - дейді депутаттар.