СЫҢҒЫРЛА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ! Түркістан қаласындағы Майшай Әбенова атындағы жалпы орта мектептің түлектері де үлкен өмірге қадам басты. Мұнда 68 оқушы мектеп бітірді. Оның 5 еуі Алтын белгіге, 7 еуі үздік атестатқа үміткер. Олар 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғыс айтып, үміттерін ақтауға ұмтылатындарын жеткізді. Одан бөлек, мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер де арнайы келіп, биылғы оқу бітірушілерге ақ жол тілеп, кітап сыйлады.