Кенеден сақ болыңыз! Бір ғана Түркістан қаласында жыл басынан бері 17 адам кене шақты деп, медециналық көмекке жүгінген! Түркістан қаласының эпидемиологиялық дәрігерлері әсіресе, кененің конго қырым гемариялық қызбасы ауруынан сақ болуға шақөырып отыр. Көктем-жаз айларында кенелер жердің бетіне шығып, жан-жануар мен адамды шағады. Негізінен кене қора-жайларда, көк шалғында көп дейді мамандар. Түркістан өңірі аса қауіпті жұқпалы аурулар, оның ішінде, Конго Қырым геморрагиялық қызбасына қолайсыз аймақ болғандықтан медециналық қызмет көрсететін ұйымдарда ауруға, эпидемияға қарсы тұрғындар арасында профилактикалық шаралар жүргізілуде.