Түркістан
EN

Сарыөзек арнасы бойындағы шаруа қожалықтар қауіпсіз аймаққа көшіріледі

101
27.05.2024

Топан судың кесірінен Атырау облысындағы Сарыөзек арнасының бойындағы шаруалар қауіпсіз аймаққа көшіріліп жатыр. Қазір Бестал ауылына тасқын қаупі төніп, шаруалар жайлаудан малын айдап әкетті. Ал, Соколок арнасының бөгеттерін құтқарушылар күні-түні нығайтып жатыр. Айта кетейік, бұл арна Атырау қаласының басты қорғаныс құрылымы. Жағаны 30-ға жуық арнайы техникамен 100-ге жуық азамат тәулік бойы бекітіп жатыр. Қазіргі таңда Жайықтың суы аудандарда төмендеп, Атырау қаласында көтерілгені байқалады.