Ретсіз сауда, санитарлық талаптардың сақталмауы, заңсыз құрылыстардың көбеюі. Бұл Өзбекстанмен шекарадағы Сарыағаш ауданындағы кеден бекеттерінің біріндегі жағдай. Күніне ондаған мың адам өтетін бекетте тәртіп сақталмаса, бей-берекетсіздік жұрттың мазасын алып тынбақ. Сондықтан ауданға арнайы сапармен облыс әкімі Дархан Сатыбалды барды. Шұғыл түрде өңірлік жедел штаб отырысын өткізіп, мәселе шешімін таппайынша күн тәртібінен түспейтінін айтты. Аймақтағы ахуалды толығырақ әріптесім Ақдариға Мұхаддас айтып берсін.