"Жол ережесін бұзбаса ресейлік нөмір таққан көліктерді тоқтатпайды" - деген ақпарат қате. Ішкі істер министрлігі осы сұраққа қатысты мәлімдеме жасады. Әкімшілік полиция комитеті басқармасының басшысы Юрий Козловтың айтуынша, көрші елдің нөмірін таққан 80 мың көлік елімізде заңсыз жүр.
Себебі бұл машиналар Ресейде де, Қазақстанда да тіркеуде жоқ. Елімізде емін-еркін жүріп-тұруы үшін құжаттарын заңдастыруы қажет. Ал 120 мың автокөліктің әлі бір жыл уақыты бар.