Бес күнге созылған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өз мәресіне жетті. 500 шақырымдық қашықтықты Жетісу облысының шабандоздары бірінші қиып, аламанның жеңімпазы атанды. Бұл команда, осымен екінші рет марафон бәйгеде топ жарып отыр. Екінші орын - Маңғыстау облысына бұйырса, үздік үштікті Алматы қаласы түйіндеді. Марафон бәйгенің шартына сәйкес үш команда күзде өтетін халықаралық ат жарысында ел намысын қорғайды. Айта кетерлігі, биыл Павлодар – Астана бағытындағы марафон-бәйгеге барлығы 19 команда қатысқанымен, олардың 11-і ғана жарыс қашықтығын толық жүріп өтті.