Қазақстанда утиль алымы жойылмайды! Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді. Жауапты министр: "барлық мәселе заң аясында қаралуы керек, петиция жариялап отырған азаматтардың талабын ескеру үшін заң бойынша процесс болуы қажет" деді. Айта кетейік, утилизация алымына қарсы топ өкілдері Астанаға арнайы барып, Қанат Шарлапаевпен сөйлескен. Бірақ дәл қазір Үкіметте утильалымды өзгерту бойынша ешқандай жоспар жоқ. Бірақ шенеунік, халықтың пікірін ескереміз, оны тек заң бойынша іске асыруы шарт. Еске салайық, қазір утильалымға қарсы петицияға қол қойылып жатыр. Петиция аяқталғаннан кейін Үкімет деңгейінде қаралады. "Заң бойынша процедура осылай» - деді министр.