Түркістан
EN

300 орындық «Жайлы мектептің» құрылысы жүргізіліп жатыр

188
23.05.2024

Келес ауданында 300 орындық жайлы мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның жұмысымен облыс әкімі Дархан Сатыбалды танысты. Өңір басшысы білім нысанын салу барысында сапаға назар аударуды атап өтті. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан құрылыстың жер көлемі 2,3 гектар. Өткен жылы басталған білім ошағы биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Жоба құны 2,6 млрд теңге. Бүгінгі таңда құрылыс алаңына 69 адам, 5 техника жұмылдырылған.