Түркістан облысында бірден екі қар барысы фототұзаққа түсті. Жыртқыштар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында байқалды. Кадрлардан қар барыстары фототұзаққа анық әрі түскенін көруге болады. Мысық тұқымдастарының ерекше өкіліне жататын жануар жойылып кетудің алдында тұрған аң ретінде Қызыл кітапқа енген.