Биыл 2,5 млн гектар алқапты үйірлі шегіртке жайпап кетуі мүмкін. Мамандар осындай болжам жасап отыр. Елімізде бұл зиянкестің 270-тен астам түрі бар. Олардың 10-15 түрі егін үшін қауіпті жәндік саналады. Зиянкестер Ақтөбе облысында 784 мың гектар, Қостанай облысында – 776 мың гектар және Түркістанда – 271 мың гектар аумаққа таралған. Үйірлі шегірткелерімен күрес үшін республикалық резервтен 8,1 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар 2,46 млн гектар жерді өңдеу үшін пестицид сатып алынды.