Атырауда итті қорлаған ер адам ұсталды. Ол балабақша алдында бүлдіршіндердің көзінше, жануарға жауыздық жасаған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлерде ер адамның итті теуіп, қоршауға лақтырғаны анық көрінеді. Ауыр соққыдан соң күшік қыңсылаған күйі орнынан тұра алмай жатып қалған. Мұны көрген куәгерлері тәртіп сақшыларына дереу хабар беріпті. Қатыгездік танытқан азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ал қорлық көрген ит мал дәрігерлерінің бақылауында.