Түркістанда такси қымбат! Әсіресе қаламызға саяхаттауға ұшып келген қонақтар әуежайдың жүргізушілері қалтамызды қағып алады деп, ашынады. Осылайша, киелі өңірді көріп, ата-бабамызға мінәжат етемін деп келгендерді араны ашылған таксидегілер күтіп алады. Рухани астанамыздағы бұл мәселе тіпті ел астанасында отырған Премьер-Министр Олжас Бектеновтың да құлағына жетті. Қымбатшылыққа ашынған Үкімет басшысы бұл - туризмге тұсау деп сына(т)ды. Өркениетті такси қызметі болмай, туризм дамымай(т)ды деген Премьер-Министр әкім-қараларға мәселеге атүсті қарамауды ескертті. Бұған кім бақылау жасайды? Бағаны қайткенде реттейміз? Өзі де таксиге жиі отыратын әріптесім Әлия Мұхтарқызы сөйлесін.