Түркістан
EN

Құлсарыдағы жаңа үйлер күзде салынып бітеді

154
23.05.2024

Атырау облысындағы Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үй салынады. Қазіргі уақытта құрылыс компаниялары 80 жеке үйдің іргетасын қалауға дайындық жүргізіп жатыр. Қаладағы алғашқы үйлер "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қаражаты есебінен салынады. Жаңа үйлер суға кетпейтін қауіпсіз аймақтарда бой көтереді. Баспаналардың құрылысы күзде аяқталады деп жоспарланып отыр.