Түркістанда KitapХАН кітап оқыту әдісінің жыл қорытындысы шығарылмақ. Айта кетсек, аталған іс-шара ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Мақсаты- еліміздегі әр білім беру ұйымын оқуға құштар мектепке баули отырып, алдағы уақытта кітап оқу дағдысын бұқаралық сипатқа айналдыру.