Түркістан
EN

Республикалық экоакция Қазығұрт ауданында жалғасты

199
22.05.2024

Түркістан табиғаты түлей бермек! Өйткені қоршаған ортасына бей-жай қарамайтын азаматтар жетерлік. Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында көпшілік 150 мың түп ағаш отырғызып, 175 мың ағашты әктеді. Акция барсында бас-аяғы 1500-ге жуық іс-шара өтіп, 67 мыңнан аса адам қатысты. Айта кетейік, экологиялық науқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен басталған. Президент бастамасы қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қаншалықты әсер етті? Тілшіміз Назым Қайратқызы айтып берсін.