Маңғыстау облысындағы Атамекен ауылын су басып, 400-ден астам үйдің тұрғыны далада қалуы мүмкін. Кәдімгі жер түбіндегі көзден көтерілген ылғал үйдің ішіне кіріп, құдық пен сырттағы дәретханаларды толтырып тастаған. Салдарынан тұрғындар өз қалтасынан қаражат шығарып, үйлерін су соратын көлікпен тазартып әлекке түсіп жатыр. Шөлейтті аймақта отырып суға батқан тұрғындармен Маңғыстаудағы меншікті тілшіміз тілдесті.