Түркістан
EN

Түркістан облысындағы ескі қорымнан аса кұнды жәдігерлер табылды

180
22.05.2024

Түркістан облысынан ежелгі ханның айнасы табылды. Ол біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырға тиесілі. Қараспаннан табылған құнды жәдігер сол заманғы адамдардың айна ұстап, алтын күмістен әшекей таққанын дәлелдеп отыр. Оның дәл бұл жерден табылуы да заңдылық, мұнда ежелгі уақытта Қара аспан деген шаһар болған дейді тарихшылар. Қазба кезінде ескі қорымда ауқатты отбасы мүшелерінің мүрдесі мен бағалы дүниелері қоса көмілгені белгілі болды.