Түркістан
EN

Енді мүлікті қиратып, сындырғандар түрмеге қамалуы мүмкін

119
22.05.2024

Бүтін тұрған дүниені бүдіретін басбұзарларға жаза қатаңдайды! Мәжіліс осы мәселеге қатысты заңды екінші оқылымда мақұлдады. Енді вандализм үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартудан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жазаланады. Осылайша депутаттар еліміздегі тарихи-табиғи мұралардың қасақана қиратылып, бұзылуын тыймақ. Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда вандализмнің күресу қажеттігін ескерткен еді.