Біріккен ұлттар ұйымының Адам саудасы жөніндегі жаһандық есебіне сәйкес, жыл сайын миллиондаған жан осы қатерлі сауданың құрбаны болады. Олардың арасында әйелдер мен қыздар саны 71%-ды құрайды. Оың көпшілігі секс-құлдыққа түседі. Ішкі істер министрлігінің дерегінше Қазақстанда жыл сайын осы «адам саудасы» санатында 100-ге жуық сотқа дейінгі тергеу тіркеледі. Өкінішке қарай, жыл сайын мұндай істің саны артып келеді. Осы жайтқа қатты алаңдаған мәжілісмендер бүгін "адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Заң жобасын Парламентте талқылауда. Депутаттар Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің, білім беру, сыртқы саясат, денсаулық сақтау, туристік қызмет, масс-медиа саласындағы уәкілетті органның нақты өкілеттіктерін көздейтін тиісті ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында түзетулер ұсынып отыр. Сонымен қатар, комитеттер мен депутаттар енгізген өзгерістер мен толықтырулар заң жобасын заң техникасы қағидаларына сәйкес келтіруге бағытталған және редакциялық-нақтылау сипатына ие.